(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ASHYQ» ЖОБАСЫН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС...

Предыдущая страница

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

«» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» - қызметіне тыйым салынған;

 

* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;

** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;

*** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі;

**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2022 жылғы «13» қаңтардағы

№ 1 қаулысына

5-қосымша

 

 

Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын

әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары

 

 

* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;

** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2022 жылғы «13» қаңтардағы

№ 1 қаулысына

6-қосымша

 

 

«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру алгоритмі

 

1. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі осы қосымшаға схемаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бойынша жобаға қатысушыларға беріледі.

2. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін ЖАО-ы қалыптастырады.

3. ЦДИАӨМ-і ЖАО-ға жобаға қатысатын объектілерде (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етеді.

4. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін жобаға қатысушыларға беру ВАК-тың шешімімен тізім бойынша бекітіледі. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы - 2 апта.

5. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімі әкімдіктің сайтында орналастырылады.

6. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:

1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

2) «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

3) «жасыл» және «қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қосымша жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады;

4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.

 

6-қосымшаға схема

 

 

«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары

 

 

Ескертпе. «Қоңыр қызыл» аймақта жұмыс істейтін объектілер үшін тіркелу саны «минус 20%» есебінен белгіленеді.